×

Қазақстанда жұмыс уақыты бір сағат ерте басталуы мүмкін

Министр Светлана Жақыпова тілшілердің сұрақтарына жауап берді

Қазақстанда жұмыс уақыты бір сағат ерте басталуы мүмкін
Фото: primeminister.kz

Елімізде уақыт белдеуінің ауысуына байланысты жұмыс уақыты бір сағат ерте басталуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

БАҚ өкілдері министрден: «Еліміздің бірқатар өңірінде уақыт белдеуінің ауысуына байланысты жұмыс уақытын бір сағатқа ерте бастауға қатысты ұсыныстар түсіп жатыр. Өйткені қыстыгүні қараңғы ерте түседі. Осы ұсынысқа қалай қарайсыз? Еңбек министрлігінің жоспары қандай?», деп сұрады.

«Министрлікке осы мәселеге қатысты хаттар түсіп жатыр, біз оларға жауап береміз. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында келісімшарт бар, жұмыс кестесін екі жақ бірге жасайды. Сондықтан қараңғыда жұмыс істемеу үшін жұмыс берушімен келісіп, жұмыс кестесін қайта қарауға болады. Негізі бұл күрделі сұрақ емес», – деді Светлана Жақыпова.

Сондай-ақ ведомоство басшысы жеке және бюджеттік мекемелерге жұмысты бір сағат ерте бастау ұсынылғанын айтты.

«Ұсыныс бердік, яғни жұмыс бір сағатқа ерте басталуы мүмкін. Келісімшарт екіжақты жасалады. Ол Еңбек кодексінде жазылған, барлығы заңға сәйкес болуы керек», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Қызға таласқан»: Алматыда жігіттер төбелесіп, 17 жастағы бозбала қайтыс болды
Кеше, 22:42

«Қызға таласқан»: Алматыда жігіттер төбелесіп, 17 жастағы бозбала қайтыс болды

Томирис ықшамауданындағы үйді ұлы мен қызы аралас бір топ жасөспірім жалдап тұрған
Жоғалған қыздың өзбекстандық жігіті болғаны анықталған
Қазақстан астық одағының бұрынғы төрағасына қатысты сот үкімі шықты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →