×

«Жөргекпұлға зар болып жүрміз»: Шымкентте декреттегі аналар шу шығарды

Шымкентте айлық алғанын дәлелдей алмай жүзден астам ана жүр

«Жөргекпұлға зар болып жүрміз»: Шымкентте декреттегі аналар шу шығарды
Видеодан скриншоттар

Жүзден астам әйел бір тиын алмай, әуре болғанын ашық айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аналардың шағымы

Шымкентте декреттегі аналар шу шығарды. Жүзден астам әйел жарты жылдан бері жөргекпұлға қол жеткізе алмай жүр. Оларға көмек ретінде мемлекеттен 4 миллион теңге алуды жоспарланған, бірақ олар әлі ақшаға зар. 

Шымкенттегі мемлекеттік сақтандыру қорына ашуға булыққан балалы аналар мен жүкті келіншектер күн де келеді. Олар алты айдан бері ала алмай жүрген босанғанға дейінгі және балаға берілетін көмекке зәру. 

«Босанғаныма үш ай болды. Босанғанға дейінгі төлемді алып қойдым. Бірақ, кейінгісін ала алмай жатырмын. «Сәби өмірге келген соң қосымша құжаттарды әкеліңіз» дейді. Не алып барайын десем от картасын айтады. «Сіз айлықты қолма-қол алмауыңыз керек, банк шотына алуыңыз керек» дейді», - дейді босанған Ақмарал Балабекова.

Осылайша, Шымкентте айлық алғанын дәлелдей алмай тағы жүзден астам ана жүр. Бәрі он шақты жерден онлайн табыс тапқан. Олардың көмекке аламыз деп жоспарлаған қаржы көлемі де аз емес. Кемі үш-төрт миллион теңгемен декретке шығуды жоспарлаған.

«Маған 4 млн теңгедей түсуі керек еді. Баламның пособиесі де бар. Ала алар емеспін», - дейді тағы бір ана Айдын Әбсәттарқызы.

Мемлекеттік мекеменің ұстанымы

Шымкенттің мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басшысы бала босанудың бизнеске айналғанын айтады. Делдалдардың декретке он миллион теңгемен шығарамыз деген жарнамасын да мысалға келтірген. 

«Тексеру шеңберінде ақпаратты міндетті түрде құқықтық органдарға береміз. Құқықтық органдардың қорытындысы бар. Егер бұл факт дәлелденбеді десе біз төлеп береміз. Қыркүйек айының басынан бастап бүгінгі күнге дейін біздің мекеме бойынша 466 «отказной» шешім шықты. Бұл шешімнің негізі мына бізге түскен өтініш берушілердің орташа айлығының дәлелбегені», - дейді «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының» Шымкенттегі филиал директоры Досбол Тіләбеков.

Қор басшысы бала босанған соң «байытамыз» деген делдалдармен қоса енді күмәнді әрекетке барған болашақ аналар да тергелуі мүмкін дейді. Ол жүкті келіншектерге табыс көзін ашық әрі шынайы көрсету керек деді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Болаттың үйі өртенді: облыс прокуроры кімдерге ескерту жасады?
Бүгін, 21:45

Шерзат Болаттың үйі өртенді: облыс прокуроры кімдерге ескерту жасады?

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов барлық тергеу әрекеттері Бас прокуратураның бақылауында екенін атап өтті.
Алматы облысы ПД тәртіп сақшылары тарапынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Болаттың отбасы тәулік бойы күзетілетінін хабарлады
Аймағамбетов кінәлілерге қарсы зорлық-зомбылық таныту мәселені шешпейтінін ескертті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →