×

Президент Үкіметті отставкаға жіберді

Үкімет өз міндетін жаңа құрам бекітілгенге дейін атқарады

Президент Үкіметті отставкаға жіберді
Ашық дереккөздерден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігіне қатысты қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Президент Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы шығарды.

«1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2) Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген қаулыда.

 

VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңіске жеткен партия Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсынуға құқылы екенін айтып өтті. 

Айта кетейік, өткен Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауда Amanat партиясы айқын басымдықпен жеңіске жетті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет "Мамский әңгіме" подкастына сұхбат беріп, екі күйеуінен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →