×

Түркістан облысында күдіктілер 9-сынып оқушысын қалай өлтіргенін айтып берді

Түркістан облысында күдіктілер 9-сынып оқушысын қалай өлтіргенін айтып берді
Фото: видео кадрдан алынды

Түркістан облысында 9-сынып оқушысын пышақтап денесін суға тастаған қос күдікті қылмысты қалай жасағанын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Төрткүл ауылындағы мектептің 11-сынып оқушысы мен оның 19 жастағы сыбайласы марқұм Аружан Орынбайға ұқсас қыздың жартылай жалаңаш фотосын интернеттен тауып алған. Сол суретті бүкіл ауылға жаймас үшін Аружаннан ақша бопсаламақ болыпты, бірақ екі арада жанжал шығып, олар 15 жасар оқушыны өз үйінің артында пышақтап тастаған. Ал денесін арыққа ағызып жіберген. Бүгін олар қылмысты қалай жасағанын айтып, тергеушілерге оқиға орнын көрсетті.

"Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыс әрекетін қалай жасағанын оқиға орнында нақтылап көрсетті. Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігімен "Аам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді Түркістан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Марат Әбдірахманов.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды
Кеше, 19:48

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады
Базарларды жаңғырту барысы бағытында Сауда министрлігі артта қалған өңірлерді атады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →