×

Алматыда бірқатар пәтер ұрлығына қатысы бар қылмыстық топ ұсталды

Бүгінде олардың кем дегенде 5 үйді тонағандары белгілі болды

Алматыда бірқатар пәтер ұрлығына қатысы бар қылмыстық топ ұсталды

Алматыда бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар бұрын істі болған азаматтар қолға түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оңай олжаға қызығып тұрғындардың пәтерлерін тонап жүрген қылмыстық топты жедел уәкілдер қылмыс үстінде ұстады. Аталған іс-шара Демьян Бедный көшесі бойында жүзеге асырылды.

"Еліміздің әр өңірінен келген 33 және 29 жастағы бес азамат құрықталды. Олардың 4-еуі бұрын бірнеше рет тонау, зорлау, адам ұрлау, бұзақылық, көлік ұрлығы сияқты ауыр қылмыстар жасағаны үшін істі болғандары белгілі болды. Алдын ала анықталғандай, жедел және арнайы іс-шаралар барысында аталған бестік енді пәтер тонауға көшкен сыңайлы. Кезекті тұрғын үйді тонау барысында олар қолға түсті. Қолды болған заттар айғақ зат ретінде тәркіленді. Аталған қылмыстық топ ішінде ұрлаған заттарды сатып алушы да болуы мүмкін. Мұның барлығы тергеу амалдары барысында анықталатын болады", – деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

ПБ бастығының мәліметінше, аталған топ соңғы рет Алатау ауданы Байжанов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйді тонаған. Бүгінде олардың кем дегенде 5 үйді тонағандары белгілі болды.

Сонымен қатар, ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайтынын ескертеміз.

ҚР Қонституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →