×

Атырауда қабаған ит екі адамды жарақаттады

Иттің иесі медициналық куәландыру қорытындысымен мас күйде болғаны дәлелденді

Атырауда қабаған ит екі адамды жарақаттады
Ашық дереккөздерден

Мас атыраулықтың қабаған итінің шабуылынан екі адам жарақат алды. Оның бірі – полиция қызметкері, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 24 маусымда болған.

 «Жергілікті уақытпен түнгі сағат 01:15 шамасында 102 операторына Атырау қаласының «Авангард-2» шағынауданындағы көп қабатты үйдің біріне 1999 жылғы әйелдің кіре алмай тұрғаны жөнінде хабар түсті. Осыған байланысты патрульдік полиция батальонының жаяу қызметкерлері аталған үйдің ауласына келді. Хабар берген әйел мен танысына белгісіз ер адамның тиісіп, Стаффорд тұқымдас итін бағыттағаны анықталды. Қабаған ит 1992 жылғы ер адамның қолын тістеп алған. Кейін ер адам қабаған итін полиция қызметкерлеріне бағыттап, қашып кетуге оқталды. Оқиға орнына автопатрульдеу экипажының қызметкерлері көмекке келді. Полицейлер ҚР Құқық қорғау органдары туралы заңының 61-бабының 6-тармағына сәйкес арнайы құралдарды қолданып, итті залалсыздандырды. Ал, иттің иесі медициналық куәландыру қорытындысымен мас күйде болғаны дәлелденді», - делінген хабарламада.

Қабаған иттің шабуылынан патрульдік полиция батальоны қызметкерінің беті жарақаттанған. Полиция қызметкеріне медициналық көмек көрсетілді. Ал иттің иесі – 1991 жылғы ер адам жедел тергеу тобына жеткізілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →