×

Елімізде «9-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасы бастала ма

Осыған қатысты «Бәйтерек» холдингі мен «Отбасы банкі» түсінік берді

Елімізде «9-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасы бастала ма
ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде «9-20-25» бағдарламасы іске қосылатыны хабарланды. Осыған қатысты «Бәйтерек» холдингі мен «Отбасы банкі» түсінік берді,  деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Алдымен  Instagram-дағы dauletten парақшасында «9-20-25» бағдарламасы іске қосылатыны жайлы ақпарат тарады.

«Бәйтерек» холдингі «Отбасы банк» жақында «9-20-25»  бағдарламасын іске қосады.

9 пайыз жылдық үстемақы;
20 пайыз бастапқы жарна;
«25 жылға дейін ипотека рәсімдеуге мүмкіндік болады»
, – делінген ақпаратта.

Алайда жаңа бағдарламаға жауапты мекемелер бұл мәліметті жоққа шығарды.

«Бәйтерек» бұл ақпаратты растамайды», – деп жауабын қысқа қайырды холдингтің баспасөз қызметі.

«Отбасы банкі мәліметті растамайды әрі банкте мұндай бағдарлама жоқ екенін хабарлайды», – деді «Отбасы банкінің» баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгінде елімізде «7-20-25» бағдарламасы жұмыс істейді. Оның операторы – «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы мен Токио арасында тікелей әуе қатынасы ашылады
Бүгін, 13:47

Алматы мен Токио арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Алғашқы жылы Жапониядан Қазақстанға 5–7 мың турист келуі мүмкін.
Қала билігі тұрғындар мен қонақтардан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды
2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы жұмыс көлемі 21,1%-ға артқан
Танымал эстрада әншілері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →