×

Коронавирус өршіді: Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды Қытайға бармауға шақырды

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда Қытайдан келетін азаматтарға қатысты карантиндік талаптар мен шараларды қатаңдату жоспары жоқ

Коронавирус өршіді: Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды Қытайға бармауға шақырды

Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда коронавирус індетінің өршуіне байланысты қазақстандықтардан аталған елге барудан бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда Қытайдан келетін азаматтарға қатысты карантиндік талаптар мен шараларды қатаңдату жоспары жоқ.

Айта кетсек, бүгінде Шанхай ауруханалары науқастарға толы.

Күн сайын COVID-19 белгілері бар мыңдаған науқас ауруханаларға түседі. Олардың көпшілігі – 65 жастан асқандар, деп хабаралаған еді Euronews.

Қытайдың мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары 25 миллион тұрғыны бар мегаполис халқының 70%-ы вирус жұқтырған болуы мүмкін екені айтылды. 

Ал Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі бірнеше күн бұрын Қытайдың құзыретті органдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау мамандарымен бейне- конференция өткізгенін айтты. Екі тарап қазіргі COVID-19 жағдайы, медициналық емдеу, вакцинация және басқа да техникалық мәселелер бойынша пікір алмасты. Олар техникалық алмасуды жалғастыруға және жаһандық пандемияны тезірек жеңуде бар күшін салуға келісті.

ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Ниннің мәлімдеуінше, елдер қабылдап жатқан коронавируспен күрес шаралары ғылыми негізделген және үйлесімді болуы тиіс. Сондай-ақ, адамдардың өзара араласуы елдер арасындағы ынтымақтастыққа әсер етпеуі керек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →