×

Алматыда күн суытып, аяз болады

Алдағы екі тәулік бойы Алматыда қалың қар жауады

Алматыда күн суытып, аяз болады
Sputnik / Тимур Батыршин

Алдағы күндері Алматыда күн суытып, аяз болады деп күтіледі, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Алматы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, алдағы екі тәулік бойы Алматыда қалың қар жауып, ауа температурасы түнде 18, күндіз 15 градусқа дейін төмендейді. Синоптиктер болжамы бойынша одан кейінгі күндері 25 градусқа дейінгі қатты аяз болады.

Қаланың коммуналды қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

"Көктайғақ болуына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арақашықты ұлғайтуға кеңес береміз. Ал жаяу жүргіншілерден тротуарлармен жүргенде абай болуын сұраймыз. Жұмысқа кешігудің алдын алу үшін үйіңізден ертерек әрі жылы киініп шығуға кеңес беріледі", - делінген ведомство хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Екі жасөспірім Алматы облысында сегіз жасар баланы зорлаған
Бүгін, 18:16

Екі жасөспірім Алматы облысында сегіз жасар баланы зорлаған

Олардың бірінің әкесіне әкімшілік іс қозғалды
Келесі сот отырысы 3-сәуір сағат 10:00 ге белгіленді
Ардақ Назаров журналистерге рахмет айтуды да ұмытпады
Ол ерлі-зайыпты адвокаттармен кездесуге тырысып, кешірім сұрағанын және ем-дом жағынан көмектесуді ұсынғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →