×

Астанада бұрынғы инкассатор банкоматтан ақша ұрлады деп күдіктелуде

Ұрлыққа бұрынғы инкассатордың қатысы бар екені белгілі болды

Астанада бұрынғы инкассатор банкоматтан ақша ұрлады деп күдіктелуде
Фото: polisia.kz

Астанада бұрынғы инкассатор банкоматтан ақша ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция мәліметінше, ұрлық осы жылдың тамызында жасалған. 5 айға жуық уақыттан кейін жүргізілген тексеру барысында 3 миллион 760 мың теңге көлеміндегі ірі қаржы тапшылығы анықталды.

Бейнебақылау камераларын қарап шыққан тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түскен. Бейнежазбада таңғы уақытта бетін жауып алған ер адамның банк филиалының ғимаратына қалай кіргені көрсетілген. Ол банк аппаратын ашып, қолма-қол ақша салынған дискілерді алып кеткен. Ұрлыққа бұрынғы инкассатордың қатысы бар екені белгілі болған.

Бұған дейін 27 жастағы күдікті 2 ай жұмыс істеп, ақша тасымалдаумен айналысқан. Ол жұмыстан шыққаннан кейін банкоматтың кіру кодтарын білетін болғандықтан, ақша ұрлауға бел буған.

“Қазір ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін мойындады”, – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі
Бүгін, 18:33

Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі егер мұғалімдер өз міндетіне жатпайтын еңбекке тартылып, бірақ сол үшін шағымданудан қорықса жасырын түрде арыз түсіре алатынын хабарлады
Ол ұзаққа созылған қатерлі дертпен өмірінің соңына дейін күресті
Әкімнің сөзінше, дәл қазір «Телман» сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасы жүріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →