×

Хасан мен Асановтың байланысы бар ма – сенатор жауап берді

Асанов Талғардағы Қасымбаевтарды тани ма? Жауабын сенатордың өзі айтты.

Хасан мен Асановтың байланысы бар ма – сенатор жауап берді

Сенат депутаты Жақып Асанов Талғардағы қылмыстан кейін аты шыққан Хасан Қасымбаев жайлы сұраққа жауап берді. «Қасымбаевтардың крышасы Асанов» деген сыбыс әлеуметтік желіге көп тарады. Депутат оның бәрі жалған дейді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бірінші күннен бастап маған айтты. Бірдеңе деуден бас тарттым. Себебі оның бәрі өтірік. Ол адамдарды танымаймын, білмеймін, көрген емеспін. Неге жариялады десеңіз қазір әлеуметтік желіде жалғандық көп қой, оның бәріне сене беруге болмайды. Бірақ кім біледі? Менің атымды шығарайын деп біреу шығар. Мұның бәрі барлығы тергеу амалдарын жасауға үлкен кедергі жасап отыр. Меніңше, осындай жалған ақпарат бойынша жұмыс істеуіміз керек. Қазір қоғамда осылай адастыратын ақпарат көбейіп кетті. Олардың авторларын анықтап, жариялауымыз керек. Жұртшылыққа жеткізуіміз керек. Оны тіпті туысқандары, жақындары, ортасы білуі керек. Ондай адамдардың сөздеріне кейін ешкім сенбеуі керек», – деді Асанов.

Депутат Талғарда бірде-бір туысым жоқ деп сендіреді.

«Хуторлықтардың» лидері деп аты шыққан Хасан Қасымбаев Орда басылымына сұхбат беріп, өзі жөнінде әлеуметтік желіге тараған ақпараттың бәрін жоққа шығарған болатын. 16 жастағы Шерзатты өлтірілгеннен кейін желі қолданушылары қылмысты ағайынды Хасан, Аслан және Ержан басқарған «Хуторлықтар» бандасының қызметімен байланыстырып, көп ақпарат таратқан. Тіпті Хасан Қасымбаевтың суреттерін жариялаған

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Келісімшарттық міндеттемелер орындалмайтын және жұмыс жүргізілмейтін барлау орындарын жедел жабу тапсырмасы берілген
Жаңа пандус Ахметов көшесі бетінен екінші қабатта ашылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →