×

Дүниені дүр сілкіндірген Димаш Стамбулда екінші рет жеке концертін берді

Концерт Стамбул төріндегі «Бешикташ» стадионында, ашық аспан астында өтті

Дүниені дүр сілкіндірген Димаш Стамбулда екінші рет жеке концертін берді
Фото: dimashnews.com

24 мамыр күні Стамбулдың әйгілі «Бешикташ» стадионында Димаш Құдайбергеннің 30 жасқа толуына орай ерекше форматтағы мерейтойлық концерт болып өтті деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Таңғажайып даусымен танылған Димаш түрік еліндегі концертінің бағдарламасын «Stranger» шоу түрінде өткізді. Стамбулда өткен баспасөз мәслихатында уәде еткеніндей, әнші концертінің тосынсыйы ретінде Түркия, АҚШ елдерінің танымал музыканттарымен дуэт орындап, көптің ықыласына бөленді. «Be With Me», «Fly Away», «Golden», «Together» әндерін орындағанда, фан-зонадағы тыңдармандары онымен бірге шырқап, би де биледі.

​Музыкалық шоу түрінде өткен концертте Димаштың інісі, жас музыкант Әбілмансұр Құдайберген бой көрсетіп, ағасына қолдау көрсетті.

«Өнер әлемінде маған шабыт беріп, музыканың қыр-сырын үйренуіме себепкер болғаныңыз үшін алғысым шексіз», – деп құттықтау тілегін айтып, ағалы-інілі Құдайбергеновтер бауырлас елде бауырмалдықтың жарқын үлгісін көрсете білді.

Әншінің жеке концертіне әлемнің түкпірінен жиналған жанкүйерлері ұзақ шапалақ ұрып,  сүйсіне қарады.

Димаш танымал түрік музыканты Халук Левентпен бірге «Gesi Baglari» әнін орындағанда, хард-рокер мен классикалық жанрдың әдемі тандемі сахнаның сәнін аша түсті. Стамбулдағы концертінде кештің арнайы мейманы болып таңдалған композитор, гитарист Халук Левент мерейтой иесін туған күнімен құттықтап, гитарасын сыйға тартты. 

Кеш барысында Димаш Құдайберген көпшілікке диджейлік өнерімен танылған Бурак Йетермен бірге орындаған «Weekend»композициясы көпті таңғалдырды. Әсерлі әдемі ән жүрекке жылы тиіп, түркиялық тыңдармандардың  қазақ өнеріне, екі ел арасындағы мызғымас достық пен ауызбіршілікті нықтай түскендей болды.

Жеке концерті қай мемлекетте болмасын аншлагпен өтетін әлемдік жұлдыздың көздің жауын алатын сахналық образдары да ерекше. Қойылымдар да үйлесіммен, зор режиссерлік талғаммен ойластырылған. 

Ал Қазақстаннан оны қолдап келген делегация, блогерлер, белгілі өнер жұлдыздары мен БАҚ өкілдері кеш барысында өнерпазымызға барынша қолдау көрсетіп, 40 мың адам сиятын залда «Димаш, жарайсың, сені мақтан тұтамыз» деген дауыстар анық естілді.

«Қайран Елім» әнін кешке арнайы шақыртылған композитор Ринат Гайсиннің пианино аспабының сүйемелдеуімен шырқаса, концерттің тосынсыйы ретінде Димаш Лос-Анжелестен келген әнші, продюсер Нейтан Вангпен бірге бір сахнада өнер көрсетті. Игорь Яковлевичпен де бірге ерекше шығармашылық үйлесімді көрсеткен оның «Stranger» туындысы сахнаның көркін аша түсті.

Шетелдік музыканттармен бірге дуэт орындаған Димаш әлемнің түкпір-түкпірінен келген тыңдармандарының қазақ халқының өнері мен мәдениетін терең танытуға барын салды. берді. Оған әншінің қай композициясын орындаса да, алдымен оның шығу тарихына тоқталып, көрерменмен ортақ байланысын үзбегені дәлел.

Стамбул төріндегі «Бешикташ» стадионында, ашық аспан астында өткен концертте Димаштың халықаралық белсенді тыңдармандары оның өнеріне тамсанып қана қоймай, еліміздің мәдениеті мен төл тарихын тануға, қазақ тілін үйренуге деген махаббаттары арта түскені анық. Ол қазақша ән шырқаса, оған ілесуге тырысқан, сөзін білмесе де, ыңылдап әндеткен шетелдік көрермендеріне де сүйсінбеу мүмкін емес.

Айта кетейік, түбі бір түрік елінде Димаштың ерекше форматтағы концертін тамашалап, ақпараттық қолдау көрсетуі үшін тілшімізге RAMS QAZAQSTAN демеушілік етті. Атағы әлемге мәшһүр дүлдүл әншінің концертінің өтуіне де Rams Qazaqstan қолдау жасады. 

Қазақ пен түрік елінің достығын, өнері мен мәдениетін дамытып, ақпараттық қолдау мақсатында 40-қа жуық журналист, блогерлердің басын қосқан компания – халықаралық деңгейдегі әншіні қолдап, қос ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруға үлес қосты.

Алдағы уақытта сайтымыздан мерейтойлық концерт жайлы толық материалды оқи аласыздар. Qaz365.kz ақпараттық агенттігінің әлеуметтік желілердегі парақшаларына тіркеліп, белсенді болып, пікір қалдыруды ұмытпаңыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Масқара болдық»: Танымал әнші әйелін ұрып-соқпағанын айтып, коучтарды кінәлады
18.06.2024ж. 10:39

«Масқара болдық»: Танымал әнші әйелін ұрып-соқпағанын айтып, коучтарды кінәлады

Блогер әйел әлеуметтік желідегі парақшасында әншінің ұрған сәтінен видео жариялаған еді
Оған дәрігерлер әлі нақты диагноз қоймаған
Ол ғашығымен түскен видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →