×

Алматы облысында 51 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Полиция қылмыстық іс қозғады

Алматы облысында 51 жастағы ер адамның мәйіті табылды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында 9 қараша күні ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстық полиция кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Алматы облысы Полиция департаменті мәліметіне сәйкес, 51 жастағы ер адамның денесі Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылының шетінде табылған. Әлеуметтік желіде ол 2 қараша күні хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарландыру жарияланған болатын.

«Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 9 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық жағдайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген полция хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Екпе салған 8 айлық бала шетінеді: Түркістан облысында бір ауруханадан 6 баланың мәйіті шықты
Бүгін, 08:07

Екпе салған 8 айлық бала шетінеді: Түркістан облысында бір ауруханадан 6 баланың мәйіті шықты

Қайғыдан қан жұтқан ата-аналар жауапты тұлғаларды қатаң жазалауды талап етіп отыр
Бейнежазба желі қолданушыларының наразылығын туғызған еді
Тергеу нұсқасына қарасақ, ол кіші ұлын мамыр айында, ал қалғандарын қарашада өлтірген
Бұл дерек бойынша полиция «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →