×

Астанада құрылыс алаңында кран құлап, бір адам зардап шекті

Зардап шегушінің жағдайы орташа ауыр

Астанада құрылыс алаңында кран құлап, бір адам зардап шекті
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті

Астанада Capital Park тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында мұнара краны опырылып, краншы зардап шекті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Оқиға 9 мамырда сағат 11.45-те Есіл ауданындағы 38-көшенің бойында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, салынып жатқан үйлердің арасында мұнара кран құлаған.

"Мұнара кранын орнату кезінде ол опырылып, оның құрылымы автокран кабинасына құлады. Салдарынан кран операторы, 1999 жылы туған И.П. Андрюшкин бірнеше жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Зардап шегушінің жағдайы орташа ауыр", - делінген хабарламада.

Оқиғаның басқа мәліметтері айтылмады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →