×

32 аудан әкімі Назарбаев Университетінде оқитын болды

Оқыту шарасы "Жаңа формация басшысы"  бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады

32 аудан әкімі Назарбаев Университетінде оқитын болды
Сурет: wikipedia.org

32 ауданның әкімі Назарбаев Университетінде оқитын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Үкімет әкімдердің басқарушылық құзыреттерін жетілдіру үшін әкімдерді оқытуды көздейді.

«Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі жыл сайын «Жаңа формация басшысы» бағдарламасы шеңберінде саяси қызметшілер үшін оқыту ұйымдастыруда. Оқытудың негізгі мақсаты мемлекеттің кешенді стратегиялық міндеттерін шешу үшін саяси қызметшілердің басқарушылық құзыреттерін жетілдіру болып табылады», – деп жауап берді депутаттардың сауалына Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев депутаттарға берген жауабында.

Оның сөзінше, оқыту барысында тыңдаушылар басқару қабілетін, оның ішінде стратегиялық ойлау, шешім қабылдау құзыреттілектерін дамыту, инновациялық тәсілдерді пайдаланудың халықаралық тәжірибесін зерттеу мүмкіндігіне ие. Тренерлер ретінде үздік бизнес-сарапшылар, тәжірибелі профессорлар мен мемлекеттік және жоғары қазақстандық және халықаралық білім беру ұйымдарының өкілдері тартылуда. 

«Биыл өңірлерден 32 аудан әкімі және 11 аппарат басшысы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Назарбаев Университетінде оқу өтеді», – дейді Қанат Бозымбаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Құжатта 20 тонна ғана бар картопты, 2000 тонна деп жазып жіберіп отырған
Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар адам шығыны болмайтын, бірақ тиімділігі жоғары техникалардың алдыңғы қатарға шығуымен ерекшеленеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →