×

Су тасқынынан зардап шеккен халықтың несиесі кешіріле ме – Олжас Бектенов қандай шешім шығарды

Премьер-министр тұрғындардың баспаналарын қалпына келтіру және қосымша қолдау шараларын көрсету туралы айтты

Су тасқынынан зардап шеккен халықтың несиесі кешіріле ме – Олжас Бектенов қандай шешім шығарды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккендердің несиесі 3 айға кейінге шегерілетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бүгін Ақтөбе облысындағы су тасқынына байланысты жағдайды тексерді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су басқан үйлердің барлығы құжаттардың бар-жоғына қарамастан, қалпына келтірілетін болады. Мемлекет ешкімді баспанасыз, далада қалдырмайды. Осындай қиын жағдайда ірі, орта бизнес, сондай-ақ кішігірім компаниялар және елдің тағдырына бей-жай қарамайтын қарапайым азаматтар қол ұшын созып жатыр. Бюджет қаражатына қосымша тұрғын үйлерді қалпына келтіруге, жоғалған мүлік пен мал шығынын өтеуге бағытталатын қомақты сома жиналды. Мердігер компаниялар осындай қиын жағдайды бизнеске айналдырмайды және барлық қаражат мақсатты түрде жұмсалады деп сенемін», - деді Олжас Бектенов.

Сол жерде ол су басқан үйлердің жай-күйін қарап, тұрғындардың баспаналарын қалпына келтіру және басқа да қосымша қолдау шараларын көрсетуге қатысты сұрақтарына жауап берді.

«Мәселен, әкімдік тізімдері бойынша су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматтарға несиелер бойынша жылдың маусым айының соңына дейін 3 айға несие төлемдерін автоматты түрде кейінге шегеру мүмкіндігі беріледі, сонымен қатар төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды», - деді премьер-министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлытаудан кеткен экс-әкім Берік Әбдіғалиұлы жаңа қызметке тағайындалды
11.10.2024ж. 19:24

Ұлытаудан кеткен экс-әкім Берік Әбдіғалиұлы жаңа қызметке тағайындалды

Жаңа басшыны ұжымға Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы Айзада Құрманова таныстырды
Бұған дейін депутат ауылдарда «Қазпошта» бөлімшелері жабылып жатқанын айтып, Үкіметке жүгінген
Астанада бой көтерген Мақтымқұлының ескерткішін екі ел арасындағы мызғымас достық пен тату көршіліктің символы деп бағалалаймын
Бұл тыйым ЕАЭО елдеріне де қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →