×

«Тоқтаусыз еңбегімнің жемісі»: аяғы ауыр Ерке Есмахан жетістігінің құпиясын ашты

Ол ай-күні жетіп отырғанын да аңғартты. 

«Тоқтаусыз еңбегімнің жемісі»: аяғы ауыр Ерке Есмахан жетістігінің құпиясын ашты
instagram.com/erke_esmahan

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан жақын арада сәбиі дүниеге келетінін аңғартты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында өзі армандаған өмірін сүріп жатқанын алға тартты.

Пейіліңе қарай пейішің! Мен өзімді осы жасымда дәл осындай статуста боламын деп мақсат еткен едім. Міне, Аллаға шүкір, арманым орындалған жанмын. Өнерде жолым болып, еліме еркелеп жүрген әншімін. Сүйіктімнің сүйіктісі, шаңырағымыз сәбилердің күлкісіне толған ата-ана, жанұямыз. Аллаға сааансыз шүкір айтамын, - деді ол.

Ал бұл нәтиженің барлығы тынымсыз еңбектің арқасы деп санайды.

Жүрек тыныштығымен, жан мен тән үйлесімділігін тапқаны ол менің ақ ниетіммен, көп нәрсеге сабырлықпен қарап, тоқтаусыз еңбегімнің жемісі деп білемін.

Менің өмірімдегі барлық ғажайып сіздерге де жұғысты болсын.

Осындай жүрекжарды жазба қалдырғым келді. Соған қарағанда, іңгәләп бөпетайымыздың өмірге келуіне санаулы күндер қалды-ау, - деді Ерке.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Баян Алагөзова актриса Меруерт Өтекешоваға ай сайын 1 млн теңге көлемінде өмірлік зейнетақы тағайындады
Бүгін, 09:49

Баян Алагөзова актриса Меруерт Өтекешоваға ай сайын 1 млн теңге көлемінде өмірлік зейнетақы тағайындады

Сондай-ақ продюсер өзі негізін қалаған «Қазақ аруы» байқауының кезекті маусымын актрисаға арнайтынын мәлімдеді
Әнші Қарағандыға жасаған сапарында өңірдегі азаматтардың, әсіресе, мәдениет бөлімінің қызметкерлерінің келмегенін ашық айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →