×

Үйдегі жанжал әйел тілінің ұзындығынан туындайды - Мәжіліс депутаты дау тудыратын мәлімдеме жасады

Осыған орай ол үкіметтік органдарға сауал қойды

Үйдегі жанжал әйел тілінің ұзындығынан туындайды - Мәжіліс депутаты дау тудыратын мәлімдеме жасады
Коллаж Qaz365.kz

Мәжілісте тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелеріне арналған заң жобасы таныстырылды. Жиын барысында депутат Анас Баққожаев отбасындағы жанжалдардың туындауына әйелдердің де кінәсі бар деп отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Еркектің ер сорлысы ғана әйел адамға қол көтереді. Дегенмен, ұрыстардың барлығы ұрудан шықпайды ғой. Кішкене ерлерді де түсінуіміз керек. Басында жанжал туындайды. Сол жанжал неден туындайды? Әрине, әйелдің тілінің ұзындығынан. Әйел адамдар мені кешірсін. Бірақ ондай да фактілер бар. Қазақта «Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс» дейді, болмаса “Ерге жаққан әйел елге де жағады” дейді. Біз қазақы тәрбиеден алшақтап бара жатырмыз», – деді депутат.

Осыған орай ол үкіметтік органдарға сауал қойды.
«Қазіргі таңда оқу орындарында қыз балаларды инабаттылыққа, ибалылыққа тәрбиелейтін қандай сабақтар өткізіліп жатыр? Сондай ынталандыру шаралары бар ма?» – деп сауал тастады Анас Баққожаев.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ұлттық мәдениетті оқыту оқу пәндерінің барлығында бар екенін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Асхат Аймағамбетов Үкімет харассмент туралы норманы алып тастағанын мәлімдеген.
Ал Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Әлихан Смайыловтың министрлер кабинеті не себепті отставкаға кеткенін айтқан болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда тағы бір «Айтыстың ақтаңгерінің» баласы алаяқтық жасады деп айыпталды
Бүгін, 18:14

Қазақстанда тағы бір «Айтыстың ақтаңгерінің» баласы алаяқтық жасады деп айыпталды

Сағи мен Елдиярдың сөзінше, олар есімі елге белгілі айтыскер ақынның қызымен бизнес бастамақ болған.
Тергеу «Құпия» белгісімен жүргізілген. 
Қазіргі таңда тегін мемлекеттік үйірмелермен 250 мыңнан астам баланы қамтылған
Ол бұл бағытта жұмыс жалғасып жатқанын алға тартты. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →