×

«Пенжім де, Пиджим де емес»: Панфилов ауданындағы ұйғырша ауылдың атауы өзгерді

Енді бұл ауыл басқаша аталады

«Пенжім де, Пиджим де емес»: Панфилов ауданындағы ұйғырша ауылдың атауы өзгерді
Фото: ашық дереккөзден

Жетісу облысында бірнеше елді мекеннің атауы өзгерді. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаты Гүлназ Мұстафа жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Пенжім енді Пиджим де, Пенжім де, Бенжім де емес. Атауы түсініксіз ауыл Панфилов ауданында орналасқан. Енді ол «Атамекен» деп аталатын болады. Ал сол өңірдегі тағы бір ауыл – Лесновка елді мекеніне Талды атауы қайтарылады. Алакөл ауданының Жыланды ауылдық округіне қарасты Әшім ауылына да бұрынғы Төңкеріс атауы қайтарылады», – деп жазды Гүлназ Мұстафа.

Сонымен қатар Талдықорған қаласының  9-шағын ауданы Құлагер, 10-шағын ауданы Әл-Фараби деп аталатын болды. Ал қаладағы Ворошилов пен Невский көшелері бұдан былай Нұрғиса Тілендиев, Абдұлхақ Абдұлхалықовтың атын алады. Шайқорған мен Балауса деп аталатын құрамдас бөлігіндегі барлық көшелеріне жаңа атаулар берілді. Өйткені олар осы күнге дейін тек реттік сандарымен ғана айтылатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →