×

Тағы үш қазақ боксшысы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды

Париж Олимпиадасына жолдама

Тағы үш қазақ боксшысы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды
Фото: ашық дереккөздерден

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық боксшылар Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай Парижде өтетін Олимпиадаға үш лицензияны жеңіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сабырхан лицензиялық турнирдің 1/4 финалында тәжікстандық Асрор Вохидовпен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Шымбергенов ширек финалда әзірбайжандық Сархан Әлиевті жеңді. Есеп 5:0.

Ал 80 келі салмақта ел намысын қорғаған Нұрбек Оралбай ширек финалда Ирландия боксшысы Келин Кассидиді 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Ерлер арасында ширек финалған шыққан бес боксшымыздың бесеуі де Париж Олимпиадасының жолдамасын қанжығасына байлады.

Олар — Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Айбек Оралбай (92 келі).

Жалпы Италиядағы лицензиялық турнирге ерлер арасында алты боксшы аттанған болатын.

Еске салайық, бұған дейін қазақ боксшылары Айбек Оралбай мен Сәкен Бибосынов Олимпиада лицензиясын жеңіп алған болатын.

Париж Олимпиадасы-2024 жолдамасының иегерлері:

Әйелдер:

  • 57 кг-Карина Ибрагимова;

Ерлер:

  • 51 кг-Сәкен Бибосынов;
  • 57 кг-Махмұд Сабырхан;
  • 71 кг-Асланбек Шымбергенов;
  • 80 кг-Нұрбек Оралбай;
  • 92 кг-Айбек Оралбай;
  • +92 кг-Қамшыбек Қоңқабаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Марадонаның сүйегін қайта қазып алатын болды
Бүгін, 17:13

Марадонаның сүйегін қайта қазып алатын болды

Диего Марадона 60 жасында жүрек ұстамасынан қайтыс болған болатын
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында көкпар ойынында финалда Қазақстан Қырғызстан құрамасын жеңген
Оның артында жары мен үш баласы қалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →