×

Оқу-ағарту министрі мектепке хиджап киіп бару мәселесіне нүкте қойды

Мектеп те зайырлы

Оқу-ағарту министрі мектепке хиджап киіп бару мәселесіне нүкте қойды

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бір аптадан бері желіде қызу пікірталасқа ұласқан мектепке хиджап киіп бару мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 

«Біздің мемлекетіміз Конституция бойынша зайырлы ел деп есептеледі. Мектеп те зайырлы. Оның үстіне 2016 жылы мектеп формасына қатысты бекітілген бұйрық бар. Онда ешқандай өзгеріс болмады. Сондықтан мектеп формасына қатысты талап бойынша оқушылардың барлығы мектепке тек мектеп формасымен келу керек. Барлығы заң аясында және белгіленген тәртіп бойынша болуы қажет», - деді Ғани Бейсембаев.


Тілшілердің арасында одан «Оқушыға мектепке хиджап киіп келуге болмайды ғой?» деп сауалды нақтылап жатты.

«Бұйрық бойынша (оқушы) мектепке формамен келуі керек. Мектепке келудегі мақсат – баланың сапалы білім мен саналы тәрбие алуы. Бала мектепте сапалы білім мен саналы тәрбие алуға міндетті. Оны ата-ана қамтамасыз ету қажет. Ол заңда белгіленген. Сондықтан бәріміз заңды орындауға міндеттіміз», - деді министр.

Министр бұған дейін де тілшілердің Үкімет отырысынан кейін «хиджапты қолдайсыз ба, қолдамайсыз ба»  деген сұрағына нақты жауап бермеген еді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
17.05.2025ж. 16:45

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді
Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оқып қайтқан болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →