×

Мариупольге барған Путинге айғайлаған тұрғын: “Бәрі - жалған! Мұның бәрі шоу ғана”

Ресейдің федералды телеарналары бұл жағдайды көрсетпеген

Мариупольге барған Путинге айғайлаған тұрғын: “Бәрі - жалған!  Мұның бәрі шоу ғана”
24tv.ua

Путин тұрғындармен сөйлесіп тұрғанда, бір әйел “Бәрі - жалған!  Мұның бәрі шоу ғана” деп айқайлаған. Бұл оқиға Ресей Президенті Владимир Путиннің оккупациядағы Мариуполь қаласына сапары кезінде болды. Алайда Ресейдің федералды телеарналары бұл жағдайды көрсетпеген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Haber Global-ға сілтеме жасап. 

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Путинді тұтқындауға ордер бергеннен кейін небәрі 2 күн өткеннен кейін Украинаға аяқасты сапармен барды. Ол кешкі уақытта Қырымнан Мариупольге тікұшақпен барып, көлік тізгініне һзі отырып, аудандарды аралады. Қала тұрғындарымен сөйлесіп, бір-бірін жақыннан тану керегін айтты. 

Путин тұрғындармен сөйлесіп тұрғанда, әйел адамның “Бәрі - жалған!  Мұның бәрі шоу ғана” деп айқайлаған дауысы естілді. 

Путиннің Мариупольге сапарына қатысты Украинаның жауабы да кешікпеді.

“Мыңдаған мариупольдіктің қанын төккен адам қала қирандылары мен бейіттерді тамашалауға келді”, - деп жазды Украина Президентінің кеңесшісі Михайло Подоляк Twıtter-де.

Бұл – Путиннің былтыр 24 ақпанда басталған соғыстан кейін оккупацияланған аймақтарға алғашқы сапары.

Ресей Мариупольді 2022 жылы мамырда ұзақ шайқастан соң оккупациялап алған. Басқыншылық кезінде Ресей Мариупольді артиллериямен атқылап, толық қиратқан.

БҰҰ дерегінше, қаладағы көпқабатты үйлердің 90 пайызы, жеке үйлердің 60 пайызы қираған. Соғысқа дейін Мариупольде 426 мыңдай адам тұрған. Олардың 350 мыңы қаланы тастап кетуге мәжбүр болды. Ресейдің шабуылы салдарынан қалада 25 мың адам қаза тапқаны да айтылады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Садыр Жапаровты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Бүгін, 15:58

Тоқаев Садыр Жапаровты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

"Бұл – ерекше құрмет пен шынайы ризашылықтың белгісі", - деді Мемлекет басшысы
Ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізілмек
Мас күйінде көлік жүргізетіндерді жүргізуші куәлігінен айыру мәселесі талқыланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →