×

Алматыдағы апаттан соң тау бөктеріндегі құрылысқа бақылау күшейтіледі – Досаев

Тау бөктеріндегі құрылыс қатаң бақылауда болады

Алматыдағы апаттан соң тау бөктеріндегі құрылысқа бақылау күшейтіледі – Досаев
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев қайтыс болған отбасының туыстарына көңіл айтып, жақындарына қандай қолдау көрсетілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әкімдік жерлеуді ұйымдастыру мен еске алу іс-шараларын өткізу бойынша барлық қажетті көмек көрсетеді. Бұл отбасының шетелде оқитын үлкен ұлы Дмитрий Шиннің оқуына қаржылай қолдау көрсетіледі, сонымен қатар, ата-анасының қаржылық міндеттемесін шешуге жәрдемдеседі», – деді Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында.

Қала басшысы әкімдік Алматы тау бөктеріндегі құрылысты бақылауды күшейту бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатқанын және «Тау Самалы» шағын ауданындағы қайғылы оқиға тиісті шараларды күшейту қажеттігін дәлелдегенін ерекше атады. Мәселен, 2022 жылғы маусымда мәслихат 15 градустан асатын таулы беткейлерде құрылысқа тыйым салуды ұсынды және қолдады.

«Осы норма қабылданған сәттен бастап таулы жерлерде заңсыз құрылыстың анықталған 54 фактіден соттарға 45 талап-арыз берілді, оның 31-і қаланың пайдасына шешілді, 4-еуі қарастырылуда. Қалған 9-ы бойынша ескертулер жойылды немесе құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды және сотқа талап-арыздар дайындалуда», – деді Ерболат Досаев.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Қазіргі уақытта Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына толық сәйкес келетін және қала аумақтарын құрылыс үшін әртүрлі талабы бар аймақтарға бөлетін егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобалары бекітілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →