×

«Найман»: министр Кәрім Мәсімовтің руына қатысты сұраққа жауап берді

Дәрігер емделушісінің медициналық картасындағы мәліметтерге сүйенген

«Найман»: министр Кәрім Мәсімовтің руына қатысты сұраққа жауап берді
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Үкімет отырысынан кейін баспасөз мәжілісінде денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұрынғы ҰҚК басшысы кәрім Мәсімовтың руына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өйткені бұған дейін дәрігер Арай Төлемісова Кәрім Мәсімовтің ұйғыр емес, қазақ екенін айтқан. Ол емделушісінің медициналық картасындағы мәліметтерге сүйенген. 

«Мен ол подкасты көрген жоқпын. Қосымша ақпарат айтайық. Медициналық құжаттарда рудың жазылуына байланысты ешқандай шарт жоқ. Сондықтан қосымша ақпарат беру керек болса, жібереміз», – дейді Ақмарал Әлназарова.

Айта кетейік, былтыр сәуір айында Астана соты Кәрім Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді, билікті және қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →