×

Жұлдызды той: Қайрат Нұртастың әкесі 60 жасын дүркіретіп атап өтті

Әкесінің құрметіне Қайрат Нұртас ән шырқады. 

Жұлдызды той: Қайрат Нұртастың әкесі 60 жасын дүркіретіп атап өтті
instagram.com/sarkenova.aigerim

Қазақстанның танымал әншісі Қайрат Нұртастың әкесі – Нұртас Айдарбеков 60 жылдық мерейтойын ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Бұл қуанышты шараға елге белгілі жұлдыздар мен өнер иелері жиналды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мерейтойдан алғашқы бейнежазбалар мен суреттерді Айдарбековтер әулетінің келіні Әйгерім Сәркенова өзінің Instagram парақшасында жариялады. Ерекше күнге орай сәнді мейрамхана таңдалып, қонақтарға мол дастархан жайылды.

Мерейтойға Қайрат Нұртастың балалары да келіп, аталарын құттықтады.

Әкесінің құрметіне Қайрат Нұртас өзі ән шырқап, кештің шырайын келтірді. Сондай-ақ мерейтой иесінің жары, продюсер Гүлзира Айдарбекова да сахнаға шығып, әсерлі ән орындады.

Тойға отандық шоу-бизнестің танымал есімдері қатысты: Төреғали Төреәлінің ата-анасы, әншілер Тоқтар Серіков, Бейбіт Сейдуалиева, Кенжебек Жанәбілов, Мөлдір Мұқанова және өзге де жұлдыздар қуаныш иесін құттықтады.

Қонақтар ән айтып, би билеп, түрлі ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Баян Алагөзова актриса Меруерт Өтекешоваға ай сайын 1 млн теңге көлемінде өмірлік зейнетақы тағайындады
Бүгін, 09:49

Баян Алагөзова актриса Меруерт Өтекешоваға ай сайын 1 млн теңге көлемінде өмірлік зейнетақы тағайындады

Сондай-ақ продюсер өзі негізін қалаған «Қазақ аруы» байқауының кезекті маусымын актрисаға арнайтынын мәлімдеді
Әнші Қарағандыға жасаған сапарында өңірдегі азаматтардың, әсіресе, мәдениет бөлімінің қызметкерлерінің келмегенін ашық айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →