×

«Шаңырағымның шамшырақтары»: Алғаш рет Гүлзира Айдарбекова екі келінін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Ол ұлдары Аян мен Заңғардың әйелдеріне көңілі толатынын жеткізді

«Шаңырағымның шамшырақтары»: Алғаш рет Гүлзира Айдарбекова екі келінін жер-көкке сыйғызбай мақтады
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ортаншы және кіші келіні оны жиі іздейтінін және сағынып жүргенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол ұлдары Аян мен Заңғардың әйелдеріне көңілі толатынын жеткізді.

«Негізі Нұртас балалары мен келіндері, немерелерімен күнде хабарласып отырады. Мен жұмысым болмаса, мүлде хабарласа бермеймін. Бірақ келіндерім соңғы уақытта "Мама, қалайсыз? Сізде бәрі жақсы ма?" деп көп жазып жүр. Сағынып жүргендерін жүрегім сезеді. Іздеп тұрғандары жүрегімді елжіретіп жібереді. Келін жақсы болса, балаларың да жақсы ғой. Анашым "Балам жаман болса да, келінім адал болсын" деуші еді". Өте орынды айтылған сөз екен. Келіндерімнің жүзі жарқын болсыншы. Менің шаңырағымның шамшырақтары, әппақ гүлдері солмасын», – деп жазды продюсер Instagram желісіндегі парақшасында. 

Оның айтуынша, келінмен түсінісіп, бір шаңырақтың астында өмір сүру үшін уақыт керек. 

Бұған дейін продюсердің елге келгеніне 20 күн өтпей жатып тағы да шетелге демалысқа кеткенін жазғанбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Актриса Ғазиза Тілеубай Қуаныш Бейсекпен не себепті ажырасқанын айтты
Кеше, 22:35

Актриса Ғазиза Тілеубай Қуаныш Бейсекпен не себепті ажырасқанын айтты

Актриса бұл туралы Айнұр Ильясоваға берген сұхбатында мәлімдеді
Сондай-ақ продюсер өзі негізін қалаған «Қазақ аруы» байқауының кезекті маусымын актрисаға арнайтынын мәлімдеді
Әнші Қарағандыға жасаған сапарында өңірдегі азаматтардың, әсіресе, мәдениет бөлімінің қызметкерлерінің келмегенін ашық айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →