×

Ақтөбеде «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

Жағалаудан өзге, су асты да тазартылды

Ақтөбеде «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

Ақтөбеде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өзен-көлдердің жағалаулары да тазартылып жатыр.  Бүгін 100-ден астам адам «Таза су айдыны» шарасына қатысып, шомылу орындарының маңындағы күл-қоқыстарды жинап арнайы полигонға жіберді. Акцияға «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының, «Ақтөбе балықшылары» еріктілер қозғалысының, сондай-ақ «Жастар рухы» жастар қанатының «AMANAT» партиясының облыстық филиалының мүшелері қатысты. Мұндай жұмыс жаз бойы жалғасатын болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Экологиялық акция Ақтөбе су қоймасының аумағында өтті. Мұнда бірнеше шомылу орны болғандықтан, келушілер көп. Шашылып жатқан қоқыс та аз емес. Әрі биылғы су тасқынынан кейін тал-теректің арасы қалдыққа толған. Жастар мен еріктілер барлығын теріп, тазалады.

«Бұған дейін біздер "Жасыл елдің" сарбаздары арқылы "Таза жағалау" акциясы аясында Қарғалы өзенінің жағалауын жинаған болатынбыз, Елек өзенінің жағалауын жинап осы кезге дейін  100-ден астам тонна күл-қоқысты шығарып қалалық полигонға жіберген болатынбыз.  Пляжный сезон басталғалы тұр өздеріңіз білесіздер. Сол себепті біз жаз бойы жинайтын боламыз», - де «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабының төрағасы Нұржан Шаңғытбаев.

Жағалаудан өзге, су асты да тазартылды. Бұл үшін балық шаруашылығы инспекциясы мен балық аулау спорты федерациясының өкілдері бірлесіп, суда қалған аулар мен қоқысты жағаға шығарды.   

Бүгін 40 тонна көлемінде күл-қоқыс шығарылды. Ал, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы әлі де жалғасын табады. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →