×

«Дін мен өнерді қатар алып жүруге болады»: Айдана Меденованың ағасы қарындасына қарсы шықты

Айдана Меденова соңғы кездері сахнадан көрінбей кетті

«Дін мен өнерді қатар алып жүруге болады»: Айдана Меденованың ағасы қарындасына қарсы шықты
Фото: instagram/aidanamedenova_officialpage

«SuperStar KZ» жобасының финалисі, саксофонист Ермек Меденов эстраданы тастап кеткен әнші қарындасы Айдана Меденова туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Көпшілікке «КешYou» тобы арқылы танымал болған Айдана Меденова соңғы кездері сахнадан көрінбей кетті. Енді тіпті ән айтқысы жоқ. Бұған себеп, әншінің оранып, дінге бет бұруы болып отыр. Ағасының айтуынша, дін мен өнерді қатар алып жүруге болады. 

«Негізі, мен мұндайға қарсымын. Әр адам өзі біледі ғой, сол секілді Айдана да өзі шешеді. Ал мен дінді де, өнерді де тастамаса деймін. Әннің оған қандай жамандық әкелетінін түсінбеймін, өзі шешті ғой. Айдана өте дарынды қыз. Бала кезінен қаншама байқауға қатысып,жүлдеден жүлде қоймаған келе жатқан қыз еді. Менің анам да сондай болатын, Айдана сол кісіге тартқан. Істеу керек пе? Істейді. Жеңу керек пе? Жеңеді. Бітті. Халық оны сағынады деп ойлаймын, арасында ән айтса, түк етпейді деп санаймын», - деді Ермек Меденов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →